Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке операция жасалды, өміріне қауіп жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 39 жастағы шенеунікке кеше кешкі әкімдік ғимаратының алдында оқ атылған болатын. Кеуде тұсының бірнеше жерінен жараланған. Қазір жағдайы ауыр тұрақты дейді дәрігерлер.
БАҚЫТЖАН АБДУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ота барысында қан тоқтатылып, алған жарақатынан келген зақымдар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жалпы жағдайы ауыр, динамикада қалыпты. Қазіргі күнге толық медициналық көмекті алып жатыр.
Күдікті ұсталған. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді деп хабарлады қалалық полиция департаменті.