$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Әйел пойызда өзі босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025ж. 20:00
89
Әйел пойызда өзі босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген

Әйел пойызда өзі босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген. Жағаұстатарлық оқиға Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда болған. Куәгерлердің айтуынша, пойыз жолсерігі барлық жағдайды Қарағанды станциясынан өткеннен кейін білген. Санитарлық аймақтан  басталған қан ізі  купеге дейін жетіпті.  Жолаушылардың бірі купеде көрпеге оранған әйелді көреді. Жағдайды анықтаған кезде оның  босанып,  баласын терезеден лақтырып жібергені белгілі болды. Оқиға бойынша тергеу басталған. Шақалақтың денесі табылды, бірақ көз жұмған.