$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Әйелдің ерінің тегін алу шариғатқа қайшы ма?

22.04.2025ж. 20:00
101
Әйелдің ерінің тегін алу шариғатқа қайшы ма?

Әйелдің ерінің тегін алу шариғатқа қайшы ма? Дәл қазір әлеуметтік желіде осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Бірі – мұнда тұрған ештеңе жоқ десе, енді бірі дұрыс емес деп ақтап алады. Қай тарапты тыңдаған жөн? Осы және өзге де өзекті тақырыптарды әріптесім Аружан Задабек «Өзекті» айдарында айтады.

Кеш қайырлы болсын, көрермен!Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз!

Кеңес үкіметі кезінде ұлтымызға бұрын болмаған біраз жаңалық енді. Әсіресе неке мәселесіне қатысты ерекшеліктер көп болды десек қателеспейміз. Солардың бірі -әйелінің күйуінің тегіне өтуі. Осыдан 5-10 жыл бұрын бұл тақырып, тіпті, талқыланбайтын да. Бертін келе жұрт мәселеге назар аударып, «негізі қайсысы дұрыс» деп ізденетін болды. Пікір сан алуан. Бірі қолдайды, енді бірі «мұның не керегі бар?» деп сөгеді. Сауал көп. Жауап іздеген адам кімді тыңдарын білмей дал болды. Осыдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуа шығарды. Тоқетерін айтқанда әркім өз тегінде қалғаны дұрыс дейді дін өкілдері.

БЛИЦ:

- 45 жыл болды өз тегімдемін. Ауыстырамын деген ойымда да болмады. Жолдасым да сұраған жоқ.
- Кімнің фамилиясында қалғаны сондай маңызды емес. Бастысы бақытты отбасы болыңдар!
- Өз тегіңде қалған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ол әкеңнен қалған жалғыз мұра деп есептеймін.


Ақтауда мектеп оқушыларының қауіпті ойыны жұртты шошытты. Әлеуметтік желіде кешеден бері 7-сынып оқитын қыздардың бір-бірін кеудесінен басып талдырып тастаған видеосы тарады. Бұл желідегілердің қызу талқысына ие болды. Мұны көргендер «бұл жастар арасында жиі кездесетін қауіпті ойын» екенін айтып жатыр.

БЛИЦ:

- Өліп қалмаңдар осылай ойнаймын деп.
- Бұл балалардың мұндай ойындар таратылатын әлеуметтік желілерге кіруін шектеу қажеттілігін тағы да растайды.
- Қазіргі тоқшылық заманның жастары ғалым болып, жарып шыға берсін десек ел дамыған сайын бұлар, керісінше, санасы жоқ.


Мектеп демекші, өткен хабардың бірінде мектеп бағдарламасының тым күрделі екенін айтып, ата-аналардың назын айтқан едік. Жақында әлеуметтік желіде тағы бір видео тарады.Бұл енді баласы оқитын біраз тұрғынның басынан өткен оқиға болар. Түсінікті болсын, алдымен видеоны көріп алайық.

Мектепке енді ғана аяқ басып, әлі де өзінің оқушы екенін сезіне алмай, еркелеп жүрген немеренің бұл видеосы біраз адамның жүрегін елжіретті.

БЛИЦ:

- Мен кеше дәптер тексерген кезде бір оқушыдан сұрадым. «Кім жазған?» деп. «Білмеймін, мен ұйықтап қалғанмын» дейді.
- Мен жана математика оқып, болдым. Кеше қызыма енді оқымасаң мектептеп шығарып аламын десем, шығарып алшы, өтініш, мектепке барғым келмейді дейді.
- Айқайлап сабақ үйреткен отбасыдан осындай мейірімге толы отбасыдан жақсы маман шығады.


Құрметті көрермен, бүгінге осы! Келесіде жүздескенше!