$512.34 €582.07 ₽6.31
×

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен «Жастар рухы» жастар қанатаның мүшелері қазақы дәстүрмен соғыс ардагері Яхия Тасыровқа  сәлем берді. Олар ардагерді алдағы мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.  «Ғасыр жасаған қария қанмайданда көргенімен, өмірде түйгенімен бөлісті.  Ашық пікір алысып, ақ батасын берді.  Жалпы аймақтан  соғысқа  150 мыңға жуық адам аттанған. Соның қаншамасына туған жерден топырақ бұйырмады. Оларға құрмет ретінде партияластар Сырдария ауданының  Тағзым алаңына тал екті.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ер есімі ел есінде деп бекер айтпаған. Біз үлкендерді құрметтеу арқылы өскелең жастарға, жүректерінде отансүйгіштік, патриоттық, ұлтшылдық болуға тәрбиелейміз. Майдангерлердің бізге сыйлаған бейбіт өмірі әрқашан біздің жадымызда сақталып қала береді.