Қазақстан туристік саланы бірыңғай «TravelStan» цифрлық экожүйесіне біріктіреді. Бұл стартап жоба «Қазақстандағы цифрлық туризм-2025» форумында талқыланды. «Бұл қосымша Қазақстанға саяхаттауға келген туристер үшін таптырмас шешім»- дейді мамандар.
Форумға 300-ден аса қатысушы келді. Олар туристік саланы цифрландырудың негізгі мәселелері мен инновацияларды дамыту перспективаларын талқылады. 30 инновациялық IT жоба ұсынылды. Бұл бойынша арнайы іріктеу өткізіліп, 10 перспективалық тревел-стартап жобаның авторы ақшалай сыйақыға ие болды.
ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз мемлекет жағынан жаңа бастамамыз туралы айттық. Ол – «Travelstan» қосымшасы. Қазіргі уақытта туризм саласындағы көптеген ресурстрды біріктіретін, туризм саласының көптеген сервистерін біріктіретін бір қосымша. Оны жылдың аяғына дейін іске асыру жоспарланып жатыр.