$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Ақтөбенің мөлтек ауданын жылан жайлады

22.04.2025ж. 20:00
89
Ақтөбенің мөлтек ауданын жылан жайлады

Ақтөбенің Алтынорда мөлтек ауданында көпқабатты үйлер ауласын жылан жайлады. Тұрғындар балалар алаңында, көшеде, жол бойында бауырымен жорғалаушыны жиі кездестіріп, үреймен өмір сүріп жатыр.

Бұл  бейнежазба балалар алаңында түсірілген. Балалар  қастарында жорғалап бара жатқан жыланды көріп, шошып жатыр. Тұрғындар күн жылығалы аулада, көше бойында сұр  жорғалаушыны  жиі көретін болған.   

БАЯН АЖҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 

Ауламызға жылан кіреді. Жолда да жылан болады.Арасында басып кетеміз. Кішкентай балалар екі жастағы естерін білмейді. Жүгіріп барып ұстап алғысы келеді ана жыланды. Қоқуды білмейді ғой. Биыл енді балдар кішкене өскен өздері тауып алып, бізге ана жерде жылан жүр деп айтып келеді. Қорқамыз  


Мамандар да бұл кәдімгі улы сұр жылан екенін растап отыр. Адамды өздігінен шақпайды.  Бірақ шақса, өте қауіпті дейді. Аналық жыландар сегізден он екіге дейін балалап, сол маңда жайлап алуы  мүмкін екен.  Сондықтан тұрғын үй маңынан жыландарды аулап, орын ауыстыру қажет екенін айтып отыр.

ӘБДІМҰРАТ ӘДБІКӘРІМОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Мына Батыс -2 ауданында пайда болуының неігзігі себебі құрылыс салардың алдында сол жерге рұқсат бермес бұрын эколог, биологтар сол жердегі тіршілік иелерінің барлығын қала сыртына ауыстыру керек. Қазір жер қазылады. Үй салынады плита қойылады. Бұл жыландар плитаның ішінде қалып қояды. Жалпы жыландарды қала сыртына шығарып, басқа жаққа шығарған дұрыс деп ойлаймын.