Ресей Президенті Владимир Путин соғысты тоқтату үшін Украинамен тікелей келіссөздер жүргізуге әзір. Бұл туралы Кремль басшысы соғыс басталғалы алғаш рет мәлімдеме жасады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Путин алғаш рет Украина Президенті Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабыл алуға дайын. 30 күн бейбіт тұрғындарға оқ атпай, тұрғын үйлерге шабуыл жасамау туралы келіссөздер жүргізуге әзір екенін жеткізді.
ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жалпы, біз ешқашан келіссөздерден бас тартқан емеспіз. Бас тартпаймыз да. Оның үстіне, қазір Пасха мейрамы тойланып жатыр. Сондықтан, осы кез ұрысты тоқтату үшін теңдессіз мүмкіндік деп білемін. Барлық, христиандар үшін қасиетті кезде, бұндай мүмкіндікті мүлт жібермеу керек. Украина да, дайын деген үміттемін.
"Рим папасы Францисктің дүниеден озғаны бүкіл әлем үшін ортақ қайғы". Рим-католик шіркеуінің басшысы тірі кезінде әлемде бейбітшілік орнатуға ұмтылысын бар әлем жадында сақтауы керек -дейді Владимир Путин.
Трамп та қайғыра көңіл айтты. АҚШ Президенті арнайы Ақ үйдің алдына жұбайы Меланиямен бірге шығып, мәлімдеме жасады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Папа Франциск, бақұл бол! Оған және оны жақсы көрген адамдардың барлығын Құдай өзі жарылқасын. Оның дүниеден өткенін естігенде қатты қайғырдық. Осы қиын кезде, бүкіл әлемдегі католиктер үшін дұғада боламыз.
Айта кетейік, Рим Папасы – Хорхе Мария Бергольо Аргентина азаматы. Осыған орай, өз елінде 1 апта аза тұту жарияланды.