Астанада кітап оқу байқауында топ жарған оқушылар мен оқырмандар, ақын-жазушылар марапатталды. Шараға 100 ден адам қатысып, үздіктері анықталды. Жеңімпаздарға 9 номинация мен арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – кітап мәдениетін дамыту, оқуды кеңінен насихаттау, сондай-ақ кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру.
БЕКБОЛАТ АРЫСТАНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елорда қаласы бойынша 22 ішінде іріктелген біздің оқырмандарымыз бен ақын-жазушыларымыз арнайы конкурстық жоба аясында таңдалып алынды. Дәл осы 22 сәуір күні Ұлттық кітап күні аясында марапаттайтын боламыз.
ӘЙГЕРІМ ЖАНАХМЕТҚЫЗЫ, "ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Байқауға осы кітапханалар желісінде қай уақыттан бастап қатысып жүрсіздер, жиілігін тексерді. Біз аптасына жоқ дегенде 3 рет кітапханаға барып, кітап алып оқып отырған отбасының біріміз. Міндетті түрде кешкі уақытта оқыған тақырыптардың барлығы талқыланады баламызбен бірге.