Қазақстанда алғаш рет креативті индустрия фестивалі есігін айқара ашты. Өмірін өнер мен шығармашылыққа арнаған барлық жан аталған шараға қатыса алады. Тек музыка мен кино саласы емес, қолөнер мен дизайн секілді сала мамандары ізін жалғаймын деушілерге бар білгенін үйретуде. Қазақстанның 6 қаласында 100-ге жуық шара 26 сәуірге дейін жалғасады. Оған, тіпті, тик-ток секілді әлеуметтік желілер арқылы блогер болам деушілер де қатыса алады. Айта кетейік, биыл креативті индустрияға қолдау көрсету туралы заң қабылданды. 2029 жылға дейін ел экономикасындағы осы саланың үлесін 2 пайызға жеткізу жоспарлануда.
ДӘУРЕН СЕЙТҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ АЛЬЯНСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл жерде – креативті индустрияда 28 бағыт бар. Осы бағыттарға сәйкес келетін адамдар басында өз өтініштерін берді. Қазір өздерінің шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр. Біз ешкімге шектеу қоймаймыз және олардың жұмысына мүлдем тыйым салмаймыз.