$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Соғыс және тыл ардагерлері шипажай-курорттарда емделе алады

AstanaTV
22.04.2025ж. 20:00
90
Соғыс және тыл ардагерлері шипажай-курорттарда емделе алады

Оралдық соғыс және тыл ардагерлері шипажайлар мен курорттарда емделе алады. Бүгінде өңірде соғысқа қатысқан 9 майдангер және мыңға тарта тыл еңбеккері бар. Дәрігерлер оларды денсаулық жағдайына байланысты бақылауына алған. Қариялар қажет дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіліп, күтім жасалып отыр.Шалғай жолды денсаулығы көтерсе, қалаған шипажайына барып емделе алады, дейді мамандар. Алды ғасыр жасаған соғыс ардагерлері бүгінде түгел баспанамен қамтамасыз етілген. Оларға дербес әлеуметтік қызметкерлер де бекітіліпті.

ГҮЛНАР БАСИРОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС ГЕРОНТОЛОГЫ:

Бұл кісілерге арналған дәрігерлер бар поликлиникада, геронтолог деп атаймыз. Астанада, Алматыда бұл кісілерге арналған арнайы госпитальдері бар және де стационарларда бөлек палаталары бар. Денсаулықтарына байланысты жүріп-тұруы кішкене нашар болуы себепті олар үйлерінен көмек алады. Үйлерінен біздер стационар жасап, емшараны үйден өткіземіз.