$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Шымкентте «Кітап –достық амбассадоры» шарасы өтті

Шымкентте «Кітап –достық амбассадоры» шарасы өтті

Шымкентте  Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының ұжымы «Кітап –достық амбассадоры» шарасын өткізді. Мұнда шет тіліне аударылған еліміздің ақын-жазушыларының еңбектері қойылып, авторлармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Соның бірі - жазушылар Одағының мүшесі, жас ақын Сүндет Сейітовпен кездесу.  Оның ағылшын тіліне аударылған  тұңғыш романы «Drone Show» кітабының таныстырылымы өтті. Пушкин кітапханасында 145 мыңнан аса кітап қоры бар болса, соның 52 мыңнан астамы қазақ тілінде. Ағылшын бөлімінде 6 мыңнан аса кітап бар,- дейді кітапхана қызметкерлері. Кітабы шет тіліне тәржімаланған қазақстандық ақын-жазушылардың қатарында Түркістан облысынан шыққан ақын-жазушылардың еңбектері де көптеген тілге аударылған. Кітап -әлемді біріктіретін мықты құрал. Шараға ұйытқы болғандар мақсатымыз -қала тұрғындарын, қала жастарын кітап оқуға баулу және кітап оқу тәрбиесін қолға алу» ,- деді.  

ФЕРУЗА ИСАТАЙҚЫЗЫ, ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Кітап- бұл достық көпірі. Ол достық көпір дегеніміз -осы Қазақстан жазушыларының шығармаларының шет тілдерге аударылып жатқандығы немесе шет тіл әдебиеттерінің,  әдебиетшілері, ақын-жазушыларының шығармаларының қазақ тілінде аударылуы. Өйткені біз шетелдің әдебиетін оқи отырып, ол шетелдердің мәдениетін білу, өнерін білу. Қазіргі жастарымыз өте дамып кеткен.