$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Көкшетауда көпқабатты үйдің қабырғасындағы тартпа құбыры өртенді

AstanaTV
23.04.2025ж. 08:45
67
Көкшетауда көпқабатты үйдің қабырғасындағы тартпа құбыры өртенді

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры тартпа құбырының жануынан отқа орануға сәл қалды. Құтқарушылар өртті дер кезінде сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 22 сәуір кешке тұрғын үйге жапсарлас салынған кафелердің бірінде болған.

Кафенің тартпа жүйесі үйдің қабырғасы бойымен орналасқан. Құбыр ішінде жиналған май тұтанып, өрт шыққан болуы мүмкін.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖД құтқарушылары алты шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның көпқабатты тұрғын үйдің шатырына таралуына жол берілмеді", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.