$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады

AstanaTV
23.04.2025ж. 09:42
125
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады

 Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

— Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, — деді Руслан Желдібай.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Ұлттық кітап күні — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн екенін атап өтті.

— Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, — делінген құттықтауда.