АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы шиеленісті реттеуге бағытталған келіссөзге қатысу үшін Лондонға бармайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Тэмми Брюс мәлімдеді.
Мемлекеттік хатшы Рубио – уақыты өте тығыз адам. Ол мемлекет тарихындағы ең белсенді мемхатшы. Сондықтан оның белгілі жоспарлары бар. Бұл нақты жағдайда да ол бүгін өтетін Лондондағы кездесуге қатыса алмайды, - деді дипломат.
Айтуынша, британдық астанадағы келіссөзге Владимир Зеленский және украина билігімен Вашингтонның байланысын үйлестіретін Украина бойынша арнайы уәкіл қатысады.
Иә, ол жерде генерал Келлог болады және осы келіссөздерді ол жүргізеді. Біз Лондонда табысқа қол жеткізе алдық па деген жауапты асыға күтеміз, - деді Брюс.
Айтуынша, Вашингтон әскери емес, украиналық шиеленісті дипломатиялық тұрғыдан реттегісі келетінін растады.
Келіссөзге сондай-ақ Ұлыбритания, Франция және киевтік билік өкілдері қатысады деп күтілуде.