$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

AstanaTV
23.04.2025ж. 16:20
85
Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында орналасқан.

Оның мәліметінше, жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD (Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарма – ред. ескертпесі) және басқа да жауапты мекемелердегі топтар қандай залал келгенін анықтау жұмыстарын бастап кеткен.

"Құдай, біздің мемлекетімізді және халқымызды зілзаладан сақтасын!" - деп жазды ол.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, Стамбұлда жерасты дүмпулері қайталанған. Тұрғындар көшеге жүгіріп шыққан. Электр қуатында ақаулар болған.

Сол сәтте қалада болған агенттік тілшісінің айтуынша, люстралар тербеліп, жиһаздар сықырлап, аз уақытқа электр қуаты өшіп қалған.

РБК басылымының жазуынша, Стамбұлдың шетіндегі Бююкчекмедже ауданында жергілікті уақытпен сағат 12:51-де және 13:02-де магнитудасы 4,4 және 4,9 болатын екі жер сілкінісі тіркелген.