$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Біріккен Араб Әмірліктерінде жағажайлар жабылды

AstanaTV
23.04.2025ж. 17:48
82
Біріккен Араб Әмірліктерінде жағажайлар жабылды

Біріккен Араб Әмірліктерінде бірнеше жағажай жабылды. Өйткені 2 апта бұрын оған жақын жерде мұнай өнімдері төгілген еді. Содан суға түсу мүмкін болмай тұр.

Оның үстіне демалушылар жағымсыз иіске шағымданып жатыр. Жабылған жағажайлар Фуджейра және Шарджа әмірліктерінде орналасқан.

Қазір кейбір туристер қолайсыздыққа байланысты басқа қонақ үйлерге көшіріліп жатыр,-деп хабарлайды 24.kz.