Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді. Хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді.