$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

AstanaTV
23.04.2025ж. 21:12
115
Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын тіркеліп, артынан афтершоктар жалғасуда. Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда.

Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз, - делінген СІМ мәліметінде.