“AMANAT” партиясының "Бірге кітап оқиық" аманаты жалғасуда. Бұл жолы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқырманға әлем жазушыларының үш бірдей кітабын оқуды ұсынды.
“Бірге кітап оқиық” аманатының кезекті қатысушысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болды. Оған келесі кітапты таңдауды көрнекті жазушы Төлен Әбдік жолдаған еді.
Ұлттық кітап күні қарсаңында «Бірге кітап оқиық» аманатын сенат спикері жоғары бағалады. Ол оқырмандарға үш кітап ұсынды. Нобель сыйлығының лауреаты Американдық Эрнесть Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" повесті, Юваль Хараридің Sapiens кітабын және Фредерик Старрдың "Ұмытылған ұлылық" атты еңбегі. Сенат спикері бұл кітаптарды оқып шыққан әрбір жастың сыни ойлану көкжиегі кеңейіп, өмірге деген көзқарасы өзгеретіні анық дейді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің жастарымыз мықты болсын. Жастарымыз елімізді және өңірімізді дамыта берсін. Сөйтіп елімізді ең бір көшбасшы елдердің қатарына қоссын.Қазақ елін бүкіл әлемге ары қарай дамыта берсін деп осындай ниетпен жастарға үш кітапты ұсынып отырмын.
Желі қолданушылары “Бірге кітап оқиық” аманатын "Ұлттық кітап" күнімен жарыса құттықтады.
БЛИЦ:
- Ұлттық кітап күні құтты болсын! Жаңа мереке игі бастамаларға толы болсын!
- Кітаптар әлемі жарқырай бергей!
Жоба ережесіне сәйкес Сенат спикері Мәулен Әшімбаев келесі кітапты таңдауды «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлына жолдады.