Ұлттық кітап күніне орай аймақтарда «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында халық қалаулылары оқырмандармен кездесіп, кітаптар сыйлады. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қарағандыға барып, еліміздің ең кітапқұмар отбасымен кездесті. Тәжібаевтар жанұясы- республикалық “ Оқырман отбасы” байқауының жеңімпазы. Ерлі- зайыпты физика пәнінің оқытушылары бола тұра, ғылыми ғана емес көркем әдебиетті сүйіп оқиды. Ринат Зайытов олармен кітаптың отбасы құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі жайында пікір алмасып, бір бума шығарма тарту етті.
СЕРЖАН ТӘЖІБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ОҚЫРМАН ОТБАСЫ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Қой бақсақ та қолымызға кітап ұстап жүретінбіз. Яғни бала кезімізден сіңген, қалыптасқан кітапты сүйіп оқу, көп мағлұматтар алу. Балаларымызға ертегі оқыдық, кішкентай кезінен батырлар жырын оқыдық. Содан кейін балаларымыз да кітапты сүйіп оқиды, жақсы көреді.
Депутат Евней Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттерімен де кездесті. Онда әдебиеттің жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуындағы орны, дәлірек Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» шығармасы кеңінен талқыланды.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Кітап оқу дәстүрі үзіліп қалмау үшін барынша қызық болады- ау деген оймен Мәжіліс депутаттары болсын қоғам қайраткерлері осылай бір- бір кітаптың өзін жастардың арасында насихаттап, ықпал ету мақсатында талқылап, ақпарат беру. Кітап жайында, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, біздің басты мақсатымыз кітап оқитын қоғам қалыптастыру.