$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Шымкент тұрғындары сұраққа жауап беру арқылы тегін кітапқа ие болды

AstanaTV
23.04.2025ж. 20:00
78
Шымкент тұрғындары сұраққа жауап беру арқылы тегін кітапқа ие болды

«Бір сұраққа - бір кітап». Шымкент тұрғындары   сұраққа жауап беріп  тегін кітап алу мүмкіндігіне ие болды. «КІТАП – AMANAT» партиялық жобасы аясында өткізіліп жатқан  мәдени-ағартушылық акцияның берері көп дейді партия өкілдері.  Қатысушыларға  қызықты сұрақтар қойылып, оған  жауап бергендер  кітапқа ие болды. Бұл тәсіл жастардың ғана емес, егде жастағы оқырмандардың да қызығушылығын оятып, ерекше форматтағы оқу мәдениетінің бір үлгісін көрсетті дейді ұйымдастырушылар.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ендігі кезекте біз акциямыз «Бір айда - 1 кітап» жобасы жүзеге асады. Ең жақсы оқырман өзінің кітабын оқып, фейсбук парақшасында жариялайтын болса оған да біз «Кітап аманат» орталығы арқылы кітабымызды тегін беретін боламыз.