$520.93 €609.07 ₽6.68
×

БҚО-да Ұлттық кітап күніне арналған апталық қорытындыланды

AstanaTV
23.04.2025ж. 20:00
162
БҚО-да Ұлттық кітап күніне арналған апталық қорытындыланды

Ал Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталық қорытындыланды.  AMANAT партиясының "Кітап аманаты" жобасы көңілден шықты дейді ауылдықтар. Партия бастамасымен Бәйтерек ауданындағы орталық кітапханаға түрлі жанрды қамтитын 600-ден астам кітап жеткізілген. Соның  екі жүзге жуығы өз оқырманын тауып, сатылып кетіпті. Жобаның мақсаты - оқырманды ауыл кітапханасына әлі жетпеген туындылармен   таныстыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсіресе әлем әдебиетімен қатар, өзін-өзі дамыту, қаржылық сауат ашу бағытындағы еңбектерге сұраныс жоғары.  

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Кітабымыз арқылы біз тарихымызды білеміз. Соған байланысты біздің бүкіл біздің жасөспірімдерімізді сол кітапқа қайтару мақсатында қазір осыны насихаттау жұмысын жүргізіп жатырмыз AMANAT партиясының жанынан.