$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Шәмші Қалдаяқов пен Роза Рымбаеваның құқығын таптаған кім?

23.04.2025ж. 20:00
98
Шәмші Қалдаяқов пен Роза Рымбаеваның құқығын таптаған кім?

Авторлардың құқығын қорғайтын қоғамның өзі құқықты қорлап жүр. Депутаттар осылай деп дабыл қақты. Мәселен, Шәмші Қалдаяқовтың 55 әні орындалғаны үшін үш айда мұрагерлеріне небәрі 22 мың теңге төленген. Ал қазір бұл 18 мыңға дейін азайып кетті. Роза Рымбаева да өзіне тиесілі қаржыны ала алмай жүрген көрінеді. Әндері қанша рет эфирде шырқалса да, бір тиыны қолына түспеген.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заңсыздықты қашан реттейсіздер? Сіз айтып жатсыз сандық технология, басқа болады деп. Нақты датасын айтсаңыз. Өйткені авторлар мұны күтіп отыр.


Қазір елде 16 ұйым жұмыс істейді. Олар түскен қаржының 70 процентін өздерінде қалдырады. Тек 30 пайызын автордың өзіне береді. 2023 жылы 1 млрд 550 миллион теңге пайда түсті десек, сонын небәрі 439 миллионы иесіне жіберген. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бұл мәселемен таныс екенін айтып, шешуге уәде берді.

ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:


Біз бүгіннен бастап тиісті платформаны әзірлеп жатырмыз. Біздің ойымызша, күзге дейін жазып боламыз. Бұл - бір. Ал заң қабылдау мерзімін сіз үшін айта алмаймын. Өйткені ол екі палатаның құзырындағы нәрсе.