$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ыстанбұлда болуы ықтимал жойқын жер сілкінісі “босағада тұрғандай”-Түркия парламентінің төрағасы

23.04.2025ж. 20:00
125
Ыстанбұлда болуы ықтимал жойқын жер сілкінісі “босағада тұрғандай”-Түркия парламентінің төрағасы

 Ыстанбұлда 6,2 баллдық жер  сілкінісі болды. Бұл- Түркияның ең ірі мегаполисіндегі соңғы жылдардағы болған ең қатты зілзала. Ал Үндістанның Кашмир провинциясында болған терракттан қаза тапқандар саны 28-ге жетті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

16 млн халқы бар ең ірі мегаполистегі зілзала елді әбігерге салуда. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.  Дүмпулер әлі қайталанып жатыр.

НАРРАТОРЕ ИТАЛЬЯНО, ТУРИСТ:


Қазір афтершоктардың қарқыны қатты болмаған соң үйге оралдым. Бірақ, жан-жақтағы достарым мен әріптестерімнен хабар алып отырмын. Ел астанасы Анкарада да, тіпті, Грекияда да дүмпулер сезілген.  


АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша зілзала эпицентрі Ыстанбұлдан 40 шақырым жерде Мәрмәр теңізінде 10 шақырым тереңдікте болған.  Түркия Парламенті  жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, халықты табиғи апаттарға дайын болуға шақырды.

НУМАН КУРТУЛМУШ, ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз Ыстамбұл мен оның маңындағы аймақтарда қатты сезілген жер сілкінісін бастан өткердік. Бұл жайтты ауыр салдарсыз еңсеріп, ел ретінде тағы бір үлкен қауіп-қатерді артта қалдырамыз деп үміттенеміз. Алайда, Ыстамбұлда болуы ықтимал жойқын жер сілкінісі “босағада тұрғандай”. Сондықтан халқымыз, барлық мекемелер мен ұйымдар әрдайым дайын болып, мұндай апаттарды ең аз шығынмен өткеруге тырысуы тиіс.


Үндістанның Кашмир провинциясында  мұздай қаруланған лаңкестер бейбіт жандарға оқ жаудырып, ізін суытып кеткен. Қазір бүкіл процинцияда антитеррористтік операция болып жатыр. Премьер-Министр – Нарендра Моди да, оқиғаның мән-жайымен танысу үшін провинцияға келді. Айта кетейік, Президент – Қасым-Жомарт Тоқаев үндістандық әріптесіне көңіл айтып, жеделхат жолдады.

СУЙШ ДЕЙ, ПАХАЛҒАМ ТҰРҒЫНЫ:


Біз бір топта оқитын 6 бала болып қыдырып жүргенбіз. Бір кезде атыс болып жатқанын естідік. Артымызға қарағанда, адамдардың оқ тиіп құлап жатқанын байқадық. Бірден алды-артымызға қарамастан жүгіре жөнелдік.


Трамптың тариф саясаты бүкіл әлем экономикасына бет қаратпайтын соққы жасады. Жақын арада АҚШ қана емес, бүкіл әлем елдері бұл сойқаннан оңайлықпен оңала қоймайды. Халықаралық Валюта Қоры осындай болжам жасады. Бүкіләлемдік экономиканың өсім жайлы болжам 6 пайыздан 2,5-ға бірден түсті.