$538.89 €629.53 ₽6.34
×

Павлодарда бір топ бала 7 жасар ұлды ұрып-соққан

23.04.2025ж. 20:00
Павлодарда бір топ бала 7 жасар ұлды ұрып-соққан

Павлодарда бір топ бала 7 жасар ұлды ұрып-соққан.  Тіпті, төбелесті видеоға да түсіріпті. Жәбірленушінің анасы полицияға  арыз түсірді. Айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. 10-12-дегі жеткіншектер  аулада үнемі баласына тисетінін айтқан. Сотқар ұлдар полиция бөліміне жеткізілді.  Ата-аналарына   айыппұл салынды.  

ҚҰРАЛАЙ МҰҒАДЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша олар Павлодар қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады.