Ақтөбеде жанына дауа іздеп келген адамдардың мойнына миллиондап несие алғызды деп айыпталған халық емшісінің ісі сотқа жетті. Тұрғындардың айтуынша, емші науқас қызының еміне ақша жетпей жатқанын, мешіт құрылысы және бизнесіне қаражат керек деген желеумен қарыз алған көрінеді. Кейін несиелерді төлемей қойған. Ақыры тұрғындар шу шығарып, полицияға шағымданды. Биыл қаңтар айында күдіктінің үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 90 адам зардап шеккен. Ал жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады.
ГҮЛНАЗЫМ ӘЛИЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
Өзіне ем алуға келген тұтынушыларға әртүрлі банктерден несие алып беруін өтініп, алып берген несие ақша қаражатын екі ай ішінде толығымен жауып бере алатын мүмкіндігі барын айтып сенімдеріне кіріп, бұның заңмен қудаланатын іс -әрекет екенін көрнеу біле тұра қасақана тікелей пайдакүнемдік ниетімен алаяқтық екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті иемдену арқылы алаяқтық жасау арқылы ауыр дәрежелі қылмысты жасаған.
АНАР ЕРЖАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Мен негізі бес миллион алып бердім. Миллион каспи, қалғанын евразиядан алдым. Каспиді ай сайын қақылдап жаптырдым. Евразия қалды. Данный момент остаток 3 млн. Менің талабым мойнымдағы кредитті алып тастасын.