Шымкентте ерікті жастар Қошқар ата өзенінің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шараны жалғастырған жастар өзен бойын көріктендіріп, абаттандыруға белсене атсалысты. 200- ге жуық ерікті бірі шөп орса, енді бірі жол жиектеріндегі бордюрлер мен орындықтарды сырлады. Талдар әктелді. Бұған дейін дендросаябақ пен жаңа мөлтек аудандарға ағаш көшеттерін еккен. Тұрғын алабтар мен қоғамдық орындарда да экосенбіліктер ұдайы ұйымдастырылуда.
ҚАЙЫРЖАН БӨГЕНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Біз біріншіден, еріктілермен бірге өзіміз ақылдасамыз қай жерге керек. Одан кейін тұрғындардың да басты өтініші біздің назарда. Зейнеткер апалар хабарласады. Үйіміздің артында ағаш жоқ, ағаш алып келіңіздерші немесе бізге сыпырып беріңдер деп, сол сияқты жұмыстар атқарылады. Ең басты нашар қала сыртында, білесіздер қазір қоқыстар халықтар тастап кетуі мүмкін, сол себептен біз қала аумағынан бөлек сыртты да елдімекендерді қамтимыз.