$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Шымкенттік Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Мосунова медициналық тексеруден өтті

Шымкенттік Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Мосунова медициналық тексеруден өтті

«Ардағым ардагерім»  акциясы аясында шымкенттік Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Мосуноваға   медициналық көмек көрсетілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бастаған топ  зейнеткердің үйіне арнайы  барып, тексеруден өткізді. Нина Мосунова - 101 жаста. Татарстанның Урустамак елдімекенінде дүниеге келген майдангер сұрапыл соғысқа 1942 жылы Ресей қаласынан аттанған. Майданда радист болған. Ал 1943 жылы Можайск маңындағы шайқасқа пулеметші болып қатысты.  Осы ерен ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Бүгінде қарт майдангерді немересі бағып, қарап отыр. Оның айтуынша, ардагер соғыс жылдарындағы естеліктерін әлі ұмытпаған. Еміс-еміс еске алып, бізбен бөлісіп отырады дейді.

ЛАРИСА ПАРЕЧНЕЕВА, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ:

Нина әжем өзін жақсы сезінеді. Жақсы тамақтанады. Тәбеті жақсы. Барлық нәрсені ішіп жей береді. Тек жүре алмайды, бірақ отырады. Көңіл-күйі керемет. Әңгімелескенді жақсы көреді.


БАҚЫТЖАН АБДУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Диспансерлік есепте тұрады, яғни қан қысымына байланысты және узлавой зобқа байланысты. Емхана деңгейінде тексерулер жүргізіледі. тек қана эндокринологиялық жағдайда, узлавой зобқа байланысты бізде биопсия алу үшін жылына екі рет. Ал басқа уақытта барлықтары осы үйіне келіп қызмет көрсетіледі медициналық көмектер, дәрі-дәрмектерін жеткізіп беру, қандай да бір тексерулер қажет болатын болса.