$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Қызылжарда Заречный кентімен қоса енді Прибрежный ауылы да аралға айналмақ

23.04.2025ж. 20:00
133
Қызылжарда Заречный кентімен қоса енді Прибрежный ауылы да аралға айналмақ

Қызылжарда тасқынның үшінші толқыны облыс орталығына жетіп, судың деңгейі күрт көтеріліп жатыр. Осының салдарынан Прибрежный ауылына баратын күрежолды су басты. Жол үстімен ағып жатқан судың тереңдігі 25 сантиметр. Әзірге көлік қатынасына шектеу жоқ. Алайда, жағдай  ушығып кетсе, төтенше жағдай мамандары жолды жабуды жоспарлап отыр. Ауылда 1500-ға жуық адам тұрады. Былтыр елдімекеннің жартысына жуығы суда қалған болатын. Биыл билік өкілдері ауылға қауіп тұрған жоқ деп сендіреді.

САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

14-автобус адамдарға ыңғайлы болу үшін осы жерге келіп, әрі қарай вахтовкамен апарудамыз. Қазіргі таңда қауіп жоқ. Өйткені, күзде, қыста іс-шараларды өткізіп, бөгеттерді салып, үлкен дамбаны салып, енді қазіргі таңда қауіп жоқ.