Рухани қазына әлемінің үздіктері марапатталды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған "Ұлттық кітап" байқауының жеңімпаздары анықталды. Оған отандық авторлардың соңғы 2 жылда жарық көрген шығармалары ұсынылған еді. 120 өтінім арасынан 9 номинация және 1 гран-при бойынша үздіктер белгілі болды. Жеңімпаз атанған түрлі жанрдағы туындылар арасында еліміздің жас баспалары да бар.
БАЯН ХАСАНОВА, 2-ОРЫН ИЕГЕРІ, БАСПА БАСШЫСЫ:
Біз 4 кітап ұсындық, оның ішінде "нон-фикшн" жанры бар, балалар әдебиеті бар және көркем шығарма бар. Осындай іс-шараға бізді шақыртудың өзі біз үшін үлкен қуаныш. Мұндай үлкен республикалық деңгейдегі, ұлттық деңгейдегі іс-шара жылда бола берсе екен дейміз. Баспалар, әсіресе біз секілді кішігірім баспалар мемлеке тарапынан қолдау тапса екен дейміз.