$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясында ұсталды

AstanaTV
23.04.2025ж. 23:06
Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясында ұсталды

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.