Жас мамандар кітапханада жасанды интеллект жүйелерін қолдану, түрлі боттармен жұмыс істеу жобаларын дайындап жатыр. Бүгін Алматыда ұлттық кітап күніне орай «Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапханашы» атты жас кітапханашылар конвенті ұйымдастырылып, әр өңірден жиналған мамандар тың идеямен құрылған стартаптар ұсынды. Оған қоса, маңызды жиынға 1000-нан аса оқырман қатысып, көрмеге қойылған 12 ғасырға тиесілі сирек қолжазбалармен, шығармалармен танысты.
МҰХАММЕД-ҚАНАПИЯ ШАРХАНҰЛЫ, «КӨРМЕЛЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАЛАР» БӨЛІМІНІҢ ТОП ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл жердегі өзекті мәселелер кітапхана саласындағы дамуға қажетті модернизациялардың, жаңа идеялардың тоғысатын тұсы деп осы жерді танып отырмыз. Қазақстанның әрбір аймағындағы жас кітапханашылардың алып келген жеке жобаларын қорғайтын болады. Республикамыздың әрбір бұрышынан 42 жас маман келді, олардың бүгін 22-сі өз жобасын қорғайды.