$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Павлодарда «Кітапхана түні» шарасы өтті

23.04.2025ж. 20:00
122
Павлодарда «Кітапхана түні» шарасы өтті

Павлодарда Ұлттық кітап күні қарсаңында «Кітапхана түні» шарасы өтті. Дәстүрге айналған кеш осымен оныншы мәрте Сұлтанмахмұт Торғайғыров атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылып отыр.  Кітапхана ұжымы ауыл ауылға бөлініп, оқырмандарға қуаныш сыйлады.  Ақындар өлең оқып, айтыс көрігін қыздырды.  Ұлттық ойындар ойналды. Асық ату, садақ тарту, қазақша күресте оқырманның назарын аударды. «Кітапхана түні» аясында жаңадан жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еламан Қабділәшімнің  «Санамдағы сөз... қаламдағы ой...» кітабы оқырманға жол тартты. Бұл -ақынның жарыққа шыққан төртінші жинағы.  

ШОЛПАН ШАХМЕТОВА, С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл ауыл тақырыбын алып жатырмыз. Өйткені, бізде үлкен мерейтойлар күтіп отыр. Ол Жаяу Мұсаның 190 жылдығы, Майра Шамсутдинованың 135 жылдығы, Қалмұхан Исабайдың 100 жылдығы, Иса Байзақовтың 125 жылдығы. Сондықтан бізде 5 ауылымыз бар. Сол ауылда көіріністер, ойындар, әндер, айтыстар болады.


ЕЛАМАН ҚАБДІЛӘШІМ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл публицистикалық жинақ үш бөлімнен тұрады. Онда Боранғали Ырзабаев, Төлеген Мұқаев, Арман Қани секілді ақындар туралы мақалалар, Мұрат Әуез, Серік Ақсұңқарұлы, Бақыт Сарбалаев секілді тұлғалармен сұхбаттар, сондай-ақ ой толғаулар топтастырылған.