$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде қар көшкіні қаупі бар

AstanaTV
24.04.2025ж. 07:34
44
Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде қар көшкіні қаупі бар

Сәуір айында қар көшкінінің белсенділігі артады, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Температураның күрт өзгеруі биік таулы аймақтарға қатысты, бұл көшкін қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін. Қар көшкіні қауіпті кезең басталғаннан бері 74 рет қар көшкіні өздігінен түсті.

"Тәуекелдерді азайту үшін 103 профилактикалық қар көшкінін түсіру жүргізіліп, қар ұстайтын қалқандар орнатылды. Қауіпсіздік мақсатында туристер мен демалушыларға ұсыныстар берілді. Ал қауіпті аймақтарда көшкін қаупі бар аймаққа халықтың және автокөліктің кіруін шектеу бойынша блокбекеттер қойылады", - делінген төтеншеліктер таратқан хабарламада.