Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда бейтаныс азамат екінші деңгейлі банктен 65 миллион теңгені қолды еткен

AstanaTV
28.06.2017ж. 20:00
2234
Алматыда бейтаныс азамат екінші деңгейлі банктен 65 миллион теңгені қолды еткен

Алматыда екінші деңгейлі банк тоналды. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. Бейтаныс адам банк ғимаратынан 65 миллион теңгені қолды еткен. Бұл ақпаратты қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады. Оның айтуынша, қазір ұрының соңына криминалдық полицияның із кесушілері түсті.

Оқиға кеше кешкі сағат 8-дер шамасында болған. Болжам бойынша, күдікті біреу ғана. Полицейлер қомақты қаражат қай банктен тоналғанын ресми түрде жарияламай отыр. Ұрлық дерегінің барлық мән-жайы тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады, деді полиция қызметкерлері 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Тергеудің мәліметтері нақты жария етілмейді, қандай да бір мәлімет бұл істің ары қарай тергелуіне кесірін тигізуі мүмкін. Аталмыш дерек тонау болып сараланады. Қылмыстық кодекстің 191 бабы, бұл қарақшылық шабуыл емес, қарақшылық шабуыл да қылмыскерлер міндетті түрде қару-жарақты қолданады, ал дәл осы сәтте қару-жарақты қолдану дәлелденген жоқ, сондықтан тонау әрекеті болып сараланды. Қомақты сомма - 65 миллион теңге.