БАКАД жобасын салу үшін 150 млрд теңге ақша жұмсалады. Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев, біздің арна тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, осылай деді. 3 жылдың ішінде аталған жоба 26 млрд-қа қымбаттаған. Қазір конкурсқа Түркия мен Оңтүстік Кореяның компаниялары қатысып жатыр. Бас мердігер күзде анықталады. Осыған дейін Инвестициялар және даму министрлігі үлкен Алматы айналма тас жолы салынуының кейінге шегерілуін жер құнының қымбаттығымен және теңгенің құнсыздануымен байланысты деген еді.
Мереке Пшембаев, ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:
Конкурс
талаптарына сәйкес, егер компания 15-20 жылға деп ұтып алса, онда тағы бір толық
және екі орташа жөндеу кіреді. Бұл қолжетімділік үшін төлем деп аталады.
Айтылған бағалары әлі анықталып жатыр. Нақты келіссөздер әлі жүргізілу үстінде.