$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ЭКСПО-ға кешкі билеттер сатыла бастайды

AstanaTV
28.06.2017ж. 20:00
2494
ЭКСПО-ға кешкі билеттер сатыла бастайды

ЭКСПО-ны тамашалауға тағы бір мүмкіндік туды. Бұдан былай көрмеге кешкі билеттер сатыла бастайды. Оған кешкі 6 жарымнан бастап кіруге болады. Билет бағасы 2 мың теңге, демалыс күндері - 3 мың теңге.

Ал 1-10 шілде аралығында 4 бірдей көрме билетін сатып алған адамға төртінші билет сыйға тартылады. Бұл Елорда күнінен орай жасалып отыр. Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер көрмеге тегін кіре алады. Тек оны растайтын құжат болуы тиіс. Сондай-ақ абонементті 50 мың теңгеге сатып алуға да болады.