$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Астанада 6 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

AstanaTV
24.04.2025ж. 20:00
61
Астанада 6 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Өзге де ақпарат. Астанада тағы сұмдық жағдай! Көпқабатты үй ауласында 6 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті. Көлік қоқыстарды алып кетуге келген. Тұрғындар бұл — кездейсоқтық емес, көптен бері шешілмей келе жатқан қауіпсіздік мәселесінің салдары деп отыр.

ЗИУАР ЖҰМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Мына жерге лежачий полицейский қойдыру керек, основной осы жер екенін біледі, білмейді емес. Ладно, мусорын алып кетті дейік, +неге мысалы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған! Знак қойыңдар, светофор қойыңдар, мынаны істеңдер деп біз ата-аналар жүгіріп жүрміз, шырылдап!


Тұрғындар бұған дейін бірнеше рет әкімдікке хат жазып, жауап алғанымен, мәселе түбегейлі шешілмегенін айтады. Олар мұндай қайғылы оқиға қайталанбауы үшін шұғыл түрде нақты шаралар қабылдауды талап етіп отыр.  Ал жауапты мердігер мекеме өкілдері құрылыс жұмыстарын шілде-тамыз айларында аяқтап, жол қозғалысын қауіпсіз етеміз дейді.

УӘЛИ САДЫРБАЙ, "ЖАҒА НС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:


Кейбір жолдарымыз әзірге уақытша, бірақ биыл мектептің айналасындағы жолды болашақ парк жағынан ашамыз. Сол кезде айналма, екі бағытты қозғалыс болады. Осылайша шектеулер, кептелістер мен тұйық жолдар болмайды. Жұмысты шілде айының соңы мен тамыздың басында аяқтаймыз.


Астана қалалық полиция департаменті көлік жүргізушісінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Сондай-ақ, жүргізушілерге аулалар мен тұрғын аймақтарда аса мұқият болуды, жол тәртібін  қатаң сақтауды ескертті. Ата-аналарды балаларына жолда жүру ережелерін жиі түсіндіріп отыруға шақырды.