"Зеленскийден әбден мезі болдым". АҚШ Президенті Дональд Трамп осылай деді. Айтуынша, соғысты тоқтатудан мүлде мүдделі емес. Қытай болса, АҚШ-қа қарсы алғаш экономикалық соққысын жасады. Дегенмен, Трамп Қытаймен экономикалық қарым-қатынас жаңа шарт арқылы жалғасатынына сенімді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
"Мына Зеленский дегеннен әбден шаршап біттім". АҚШ Президенті осылай деп ағынан жарылды. Оның айтуынша, Украина Президентіне қарағанда Путинмен келісу оңай. Жалпы, соғысты тоқтатуға деген бір қадам жасап жатқан жоқ, - деген АҚ Үй басшысы қайтадан бір сес көрсетті.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Зеленскиймен келісуге болады деп жүрген маған да обал жоқ. Қайта Путинмен іс жүргізуге болады. Украина басшысы өзінің бір ауыз сөзімен бейбітшілік үшін жасап отырған барлық жұмысымызды сарп етеді де отырады.
Қытай сөзден іске көшті. АҚШ-қа қарсы алғаш экономикалық соғыс басталды. Трампқа жауап ретінде, ресми Пекин америкалық ірі компаниялардың жұмысына тосқауыл қоямыз деген еді. Алғаш болып Боинг зардап шекті. Қытайдың тапсырысымен жасалған ұшақтардан бас тартып, әуе алпауытын шығынға ұшыратты. Қытай бұнымен тоқтап қалмаймыз, - деп ескерту жасауда.
ГО ЦЗЯКУНЬ, ҚЫТАЙ СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
АҚШ бізбен келісемін десе, өзінің саясатынан бас тарту керек. Қорқытып, үркіткенге біз көне қоймаймыз. Біздің позициямызды тағы қайталап айтамын. Заңсыз салықтарды алып тастап, қысым көрсетуін тоқтатуы керек.
Бірақ, Трамп барлығы жақсы болатынына сенімді. АҚШ Президенті Қытаймен жаңа келісім жасаймыз. Сол кезде тарифтерді де түсіремін, - деген үмітте. Тіпті, жақын арада келісім жасаймыз деп сендіруге тырысты.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз Қытай ғана емес, барлық елдермен алдағы 3-4 аптада келісім жасаймыз. Осы уақытта Қытаймен барлық мәселе бойынша мәмілеге келеміз. Бірақ, осыған Қытай көнбесе, бізбен ешқандай сауда жасай алмайды. Жасаса да, біз қойған бағағам келіседі. Басқа амалы жоқ.
Есте салайық, ең үлкен сауда салықтары Қытайға қарсы салынған. Оның көлемі 145 пайыз. Қалған елдерге 90 күндік жеңілдік жасалған.