$517.16 €588.48 ₽6.23
×

Басшылар неге қорықса ғана қозғалады?

24.04.2025ж. 20:00
109
Басшылар неге қорықса ғана қозғалады?

Шенеуніктерге жеке күзет керек. Соңғы болған жағдайлардан кейін әлеуметтік желіде басшылардың қауіпсіздік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бірі ақжағалылардың жанында жалау болатын адам керек десе, енді бірі бұл бюджетке салмақ болады деп, қарсы шыққан. Толығырақ әріптесім Аружан Задабек «Өзекті» айдарында айтады.

Кеш қайырлы болсын, көрермен! Өзекті деген тақырыптың бәрін бірге талқылаймыз. Бізбен бірге болыңыз!

Біреуден қорықпаса қозғалмайтын әдет қанымызға сіңіп кеткен бе деп ойлаймын кейде. Өзімізде бала күннен «анаң келе жатыр, әкең сөйлейді» дегеннен кейін ғана қолымыз тірлікке баратын. Бала кездегі әдет ер жеткенде де қалмай екен. Біздікін қойшы, басшылар әлі күнге дейін арыла алмай келеді. «Президент келеді, министр тексереді» дегенде ғана мәселені шешуге кірісетіні жасырын емес. Бәріне бірдей топырақ шашпаймыз. Бірақ мұрағаттағы мына видео әлеу желіге қайта тарап жұрттың қызу талқысына ие болды.


БЛИЦ:

- Бізде Шымкентте Тоқаев келеді деп ескі жолды сырып, жаңа жол салып тастай салды ғой.
- Менің ұлым бүгін сабаққа кетерде «бүгін мектепте жақсы тамақ беретін шығар» деді. «Неге олай дедің, тамаққа тойып алдың ғой» десем, «мектепке комиссия келеді бүгін» деді.
- Тоқаев келеді деп 5 жыл ремонт көрмеген Караван реттеліп жатыр.


Басшы демекші, қазір әлеуметтік желіде шенеуніктерге күзет тағайындау мәселесі қызу талқыланып жатыр. Шымкентте болған соңғы оқиға біраз адамды есенгіретіп тастады-ау. Әсіресе ақжағалылар жағасын ұстап, іштей сескеніп қалғаны бар. Не болса да, пікірдің түр-түрін естіп жатырмыз. Арасында онсызда шындықты бетке айтуға батпайтын бастықтар осыдан кейін ,тіпті, аузына құм құйылғандай күй кешеді деп бал ашқандар көп.  Кей ақылдылар әрқайсысына күзетші берейік деп ой қосыпты. Бюджет үшін бас қасып, мемлекеттің ақшасына алаңдағандар да жетерлік.

БЛИЦ:

- Керек болса өз есебінен алсын!
- Жеке күзет керек емес. Адалдық керек!
- Халықтан қорықпау үшін адал еңбек ету керек. Ал енді қорқатын болса өз ақшасына жалдасын!


Депутаттар да мен секілді желідегі жылт еткен жаңалықты жұлып алып, оны зерттеуге көшіпті. Кеше ғана Мәжіліс отырысында ғаламтордағы түсініксіз пранктарды сынға алып, ішкі істер министріне «бақылау қайда?» деп  ескерту жасады.

БЛИЦ:

- Бір күні пранк жасаймын деп өліп кетпеші.
- Осындай қалжынның арты жаман негізі. Болмайды, бұлай жасамаңдаршы. Қалжынның арты рас болып кетті. Енді үш балама обал, жүрегім ауырады.
- Сол пранк деген түптеріңе жетеді бір күні.


Әзілдесейік, күлейік. Бірақ күлкі болмайық. Сау болыңыздар!