$517.16 €588.48 ₽6.23
×

Астанада көрнекті қайраткер, жазушы Әкім Таразиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

24.04.2025ж. 20:00
110
Астанада көрнекті қайраткер, жазушы Әкім Таразиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Астанада көрнекті қайраткер, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті.  Онда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді. Ол Мемлекет басшысы Әкім Тарази шығармашылығына әрқашан ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Осыдан бірер жыл бұрын елі алдындағы еңбегін үшін жазушыға «Еңбек ері» атағы берілген еді. Ерлан Қошанов Әкім Таразидың артында қалған мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа рухани азық боларын айтты. Қаламгерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне туған-туыстары мен жақындары, Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы мен мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің шығармашыл зиялы қауымы қатысты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған. Төл әдебиетіміз бен мәтениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртаур перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті. Ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.