Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар әскери қызметшілер арасындағы олимпиадалық қозғалысты және Conseil International du Sport Militaire спорттық бастамаларын қолдауда бірлескен жұмысқа уағдаласты. Сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды дамыту және армия спортшыларын даярлау тиімділігін арттыруда күш біріктірмек. Министр Руслан Жақсылықов ортақ мақсат чемпиондарды тәрбиелеу, Қазақстанды әлемдік аренада таныту екенін атап өтті. Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өзара іс-қимыл жемісті болатынына сенім білдірді.
ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз ынтымақтастыққа, кез келген келісімге қол қоюға және жастарымызды қолдауға дайынбыз. Жауапкершілік жүгін сезінеміз. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанда спортты одан әрі дамытуға және халықаралық аренадағы спортшыларымыздың позициясын нығайтуға ықпал ететін болады. Біздің міндетіміз ортақ.