Қостанайда «QAISAR» әскери-патриоттық жобасының іріктеу кезеңі өтті.Топ жарып шыққан мықтылар республикалық турнирге жолдама алды. Бұл жарыс өскелең буынның өне бойына патриоттық рухты дарытып,моральдық-психологиялық қасиетті дамытады, дейді ұйымдастырушылар.Сайыстан сүрінбей өткен жасөспірімдер әскерден де жалтармайтын болады.«QAISAR» ойындарына қатысушылар тактикалық кедергілер жолағынан өтіп, спорттық эстафетада күш сынасты.Мергендіктерін көрсетті.Ұлттық ойындарға қатысты.Іріктеу кезеңінен Қостанай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп командасы жеңімпаз атанды.Енді олар Қарағанды қаласында өтетін Республикалық «QAISAR» турнирінде Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.
АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін бізде 10 команда қатысып отыр.Оның ішінде сегізі ауданнан келген.Тіпті Амангелді,Жангелдин секілді алыс ауданнан келген командалар бар. «QAISAR» ойындарының негізгі мақсаты- жастар арасында,мектеп оқушылары арасында әскери міндеттерге деген абыройды арттыру.Бұл ойындарға әрқашан командалар көп қатысады,асыға күтеді.