$518.34 €591.06 ₽6.27
×

"Таза бейсенбі" экологиялық акция өтті

24.04.2025ж. 20:00
97
"Таза бейсенбі" экологиялық акция өтті

Астанада кезекті "Таза бейсенбі" экологиялық акция өтті. Бұл жолы қаланың сол жағалауындағы Есіл, Нұра өзендерінің жағасы қоқыстан тазартылды. Шараға 100-ге жуық "AMANAT" партиясының мүшелері, Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері қатысты. Мақсат қала тұрғындарын тазалыққа шақырып, жақсылыққа үндеу - дейді партиялықтар.

САНИРА ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі тұрғыда мына жерде тек қана тазалау емес, біздің жастармен экологиялық мәдени тәртіпке баулу болып жатыр. Осы жұмыстар жалғасын табатын болады. Осы сенбіде де сенбіге шығамыз.


Тараздықтар да тазалық не құрайлықпен қарамай, белсенді атсалысуда. Олар "Теріс Ащыбұлақ" су қоймасының маңын қоқыстан тазалады. Былтыр өңірде 13 мың тоннадан астам қоқыс шығарылса, биыл 17 тонна қоқыс жиналды. Айта кетейік, шараға мәслихат депутаттары, Жастар рухы жастар қанаты мен ауыл тұрғындары қатысуда.

МАРАТ НАРЫМБЕКОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бұл акцияны апта сайын өткізуде дәстүрге айналдырғанбыз. Бүгінгі күні бұл іс-шарамызға 200 ден аса аудан тұрғындары қатысып, жарты тоннаға жуық күл қоқыстарды шығардық.