Жеңістің 80 жылдығына орай, оралдық еріктілер тағзым алаңын тазалады. Жеңіс алаңы Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан батысқазақстандық жауынгерлерге арналған. Мұнда майданнан оралмаған мыңдаған сарбаздың есімі ойылып жазылыпты. Жастар осы мәрмар тастардың шаңын сүртіп, айналасын тазартты. Қаладағы ескерткіштерді тазалау жұмыстары мерекеге дейін аяқталады. Жастар бұл іске де үлес қосамыз дейді. Олардың мақсаты - қыршынынан қиылған боздақтардың рухына тағзым етіп, тарихи орындардың келбетін қайта жаңғырту.
Дулат ЖҮСІПҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ:
Жеңіс рухы- мәңгілік. Біз бұл шараны дәстүрлі түрде жыл сайын атқара береміз. Бұл - біздің жастардың батырларға деген тағзымымыз. Өткенге берген құрметіміз. Тек қана мейрам күндерінде емес, біз мұны жыл сайын дәстүрлі түрде түрде ардагерлерді ардақтайық жобасы, мекенжайлық көмектерлі жүзеге асырады волонтерлеріміз.