$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тегін оқуға "Серпін" мүмкіндік береді

AstanaTV
28.06.2017ж. 20:00
4897
Тегін оқуға "Серпін" мүмкіндік береді

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына 5 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Оның 4 мыңы жоғары оқу орындарында білім алуға қаралып отыр.

«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын арқау еткен жиында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері аталған жобаның білім алуға ынталы жастар үшін мүмкіндігі мол екендігіне тоқталды. Жоба жүзеге асырылған үш жылда республика бойынша бөлінген гранттың 50 пайызын оңтүстікқазақстандық жастар иеленген. Яғни 5627 жас бүгінде солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде білім алып жүр.

Солардың бірі - Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курсында оқып жүрген шымкенттік Айнұр Арғынбекова. Жуырда жазғы демалысқа шыққан ол елге келуге жол қаражатты да мемлекет төлеп бергендігін, жастарға көптеген жеңілдіктер жасалып жатқанын жеткізді.

Айнұр Арғынбетова, Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті:

Осы жылы өзімнің туған бауырым ҰБТ тапсырды. Ол осы «Серпін-2050» бағдарламасын пайдалана отырып, ол да құжаттарын жинап жатыр. Орта балл жинап қалған өзімнің замандастарыма, құрбы-құрдастарыма гранттан үміттеріңді үзбеңдер деп айтар едім. Өйткені «Серпін-2050» бағдарламасы жастарға серпін беріп отыр. 

Бауыржан Молдабеков, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасы:

Бұл нақтылай айтқан кезде, әлеуметтік статусқа ие жоба ретінде қарастырсақ болады. Өйткені орта баллмен солтүстік өңірлерінде грантпен оқуға мүмкіндік болады, тегін оқуға. Білесіздер, көп батыс елдерінде мұндай грант системасы жоқ. Біздің мемлекет тарапынан осындай жағдай жасалып отырғаннан кейін, осыны жастар қолдануы керек деп есептеймін.