$517.16 €588.48 ₽6.23
×

Димаш арқылы пайда тапқысы келетін алаяқтар көбейді

AstanaTV
24.04.2025ж. 23:38
78
Димаш арқылы пайда тапқысы келетін алаяқтар көбейді
Фото: әлеуметтік желі

Димаш Құдайбергеннің командасы әншінің жанкүйерлеріне ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде әншінің бейнесі мен дауысын пайдаланған алаяқтық видео тарап кетті. Онда «табысты арттыратын қосымша» жарнамаланған.

Бейнежазба мен дауыс жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған. Бұл роликке Димаштың ешқандай қатысы жоқ. Барынша сақ болуды сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және жалған ақпаратқа сенбеңіздер, – делінген команда таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Димаш «Бір аспанның хикаясы» атты жаңа әніне қатысты әлеуметтік желіде туған қызу пікірлерге жауап берген болатын.