$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс осы сессиядағы соңғы отырысын өткізді

AstanaTV
28.06.2017ж. 20:00
2054
Мәжіліс осы сессиядағы соңғы отырысын өткізді

Кез келген Қазақстан азаматының 4 қаруға дейін алып, сақтауға құқығы бар. Ал шетелдіктер ел аумағына кіріп, аң ататын болса, екі мылтықтан артық алып кіре алмайды. Қолданыстағы заң талабы осылай. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Марат Демеуов айтты.

Мәжіліс Еуразия экономикалық одағы елдері арасында қызметтік және азаматтық қару тасымалы бойынша келісімді ратификациялау жобасын мақұлдады. Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, қаруды жоғалтқан жағдайда азамат қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ішкі істер органдарына өтініш жазады. Жоғалған қару моделі мен нөмірі бойынша есепке қойылады. Ал қару-жараққа рұқсат ететін құжатты электронды түрде алуға болады.  

Марат Демеуов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Рұқсаттама құжатты азаматтармыз электронды формада ала алады, аң атуға барса, бір ғана рұқсаттама беріледі, ал басқа мақсаттарға көрмеге немесе байқауларға қатысуға баратын болса, үш рұқсаттама керек. Бірі мемлекеттен шығуы, екінші транзит, үшіншісі сол мемлекетке кіруі.

Бүгін мәжіліс осы сессиядағы соңғы отырысын өткізді. Палата төрағасы бұл мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңнің бірі болғанын атады. Депутаттардың белсене қатысуымен тарихи Декларация қабылданды. Сондай-ақ,  жалпы отырыстар мен Үкімет сағаттары онлайн режимде бүкіл республикаға тарады. Бұл Мәжілістің ашықтығын көрсетеді.

Қыркүйек-маусым аралығында 38 жалпы отырыс өтіп, 226 мәселе қаралды. 84 заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді. 16 Үкімет сағаты, екі парламенттік тыңдау, 25 дөңгелек үстел өткен. Мәжілісмендер 15 заң жобасына бастамашы болды, 10 қабылданды.   

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Елбасы бастамасымен ірі Конституциялық реформа жүргізілді, оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін, депутаттар үлкен жұмыс атқарды, нәтижесінде Констуитуцияға, басқа да маңызды заңдарға өзгерістер енгізілді. Мұның барлығы - жұмыла отырып жасаған жұмыс нәтижесі.