$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Жеңіл моторлы ұшақ теңізге құлады: қаза тапқандар бар

AstanaTV
25.04.2025ж. 14:23
74
Жеңіл моторлы ұшақ теңізге құлады: қаза тапқандар бар

Таиландтағы Ча-Ам жағажайынан 100 метр қашықтықта жеңіл моторлы ұшақ теңізге құлап түсті. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, кемінде бес адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр жағдайда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқиға туралы тайлық Khaosod газеті хабарлады.

Ча-Ам жағажайы маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады: бес адам қаза болды, біреуі ауыр жарақат алып, ұшақ ішінде қалып қойды, - делінген хабарламада.

Құтқару қызметтері апат болған жерге жеткенімен, ұшақ құлаған орын теңіздің алыс бөлігінде болғандықтан, оған жету қиындық туғызуда. Ұшақ бортында ресейліктердің болған-болмағаны әзірге белгісіз.