$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар жүрмейді

AstanaTV
25.04.2025ж. 16:32
67
Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар жүрмейді

25 сәуірден бастап қаладағы рельстерді жөндеу жұмыстарына байланысты трамвай қозғалысы тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары 3 күнге созылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үлбі көпірінен шығатын жолдардағы трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстарына байланысты 25 сәуір сағат 19:00-ден 27 сәуірге дейін трамвайлар жүрмейді. Тұрғындардан түсіністік танытуларын сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгінде Өскеменде 23 трамвай бар. Үш бағыт бойынша қатынайтын трамвайлар күн сайын 9 мыңға жуық адамды тасымалдайды.